Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жыл басынан бері Қазақстанда 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасты – ДСӘДМ (ФОТО)

Жыл басынан бері Қазақстанда 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасты, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.
Нұр-Сұлтан 26 Тамыз, 12:51

«Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясы, ҮЕҰ, жергілікті атқарушы органдармен біз 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алдық. Соның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны 9,2 мың адам. «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы аясында 2 мыңдай адам жұмыс тапты. Аймақты дамуты бағдарламасы аясында еңбекке тартылғаны 4 мың», - дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарды оқыту және жұмысқа тұрғызумен 60 үкіметтік емес ұйым айналысуда. Осылайша мемлекеттік тапсырыс 723 млн теңгеге дейін жетті.Нәтижесінде 3,5-4 мың мүгедек жұмыспен қамтылды.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика