ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Н. Әбдібеков: "Білімал" жүйесін арттырып, оның рейтінгін көтеру қажет

Қарағанды облысында 2010 жылы «Білімал» жүйесі енгізілген болатын. Қазіргі таңда оны қолдану мәліметтердің электрондық банкін құруға мүмкіндік берді, оның құрамында қаланың 79 қалалық мектебінің 5 мың ұстазы мен 51 мың оқушысы туралы ақпарат бар.
Қарағанды26 Тамыз , 12:45

Мектептерді жүз пайыздық қамту статистикалық есептерін біріктіруді барлық басқарма деңгейінде, яғни пән мұғалімі мен білім беру бөлімінің маманына дейін  жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоба пән бойынша қойылған 4 баға төңірегінде тоқсандықтың қорытынды бағасын есептеп береді. Сондай-ақ, «білімал» жүйесінде  кемшіліктер де бар. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде мәлімдеді.

« «Білімал» жобасы басқарманы ақпараттық қамтамасыз етуге және жүйелі мониторинг өткізуге мүмкіндік береді. Алайда порталдың рейтингі өте төмен. Олардың саны күніне 100 адамға да жетпейді. «Білімал» жүйесінің рейтингін өсіруді тапсырамын. Бұл тек қалалық білім беру басқармасының міндеті ғана емес. Бұған барлық деңгейдегі әкімдер қызығушылық таныту керек», - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, аталмыш  портал статистикалық мәліметтердің электрондық базасын бірыңғай білім беру статистикасына біріктіруге бағытталған. Қазіргі таңда бұл жүйе Қарағанды қаласы бойынша толық жұмыс істеуде. 




Яндекс.Метрика