ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қарағанды облысының әкімі: Білімге инновация қажет

Білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясында Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков 2015-2017 жылдарға арналған білім беруді дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша 15 нақты жобаны анықтады.
Қарағанды26 Тамыз , 12:31

«Бүгінде Мемлекет басшысы білім беру саласына ерекше көңіл бөлуді талап етуде. Жергілікті жерлердегі біздің міндетіміз білім беруді жақсартуда нақты істерге көшіп, инновацияны енгізу», - дейді облыс әкімі.

Нұрмұхамед Әбдібеков 2015-2017 жылдарға арналған білім беруді дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша 15 нақты жобаны анықтады. Атап айтар болсақ, қалалық және аудандық білім беру басқармаларында сапа менеджменті жүйесін енгізу қажеттілігіне тоқталды.

Сапа менеджменті жүйесінің басты міндеттемесі – білім беру қызметтерін бақылау, үздік деңгейде жүйе қалыпастыру мен қызмет сапасын арттыру, дейді әкім.

Қарағанды облысы білім беру саласының басым бағыттарын дамыту бағдарламасында жоспарланған білім берудің барлық бөлімшелерінің 2016 жылға қарай ИСО 9001:2008 стандартына өтуі, бәрінен бұрын, білім беру қызметтерінің сапасына әсер етіп, басқарма қызметтерінің нәтижелік талдауына арналған құжаттар жүйесін құруға мүмкіндік береді.  

Әкім сонымен қатар, мектептерде тәуелсіз заңды тұлға құқығына ие әдістемелік кабинеттер құруды тапсырды. Сондай-ақ,  тұрақты негізде оқытушы-ұстаздарға арналған жазғы мектептердің жұмысын жүргізу, өңірдегі барлық оқыту-өндірістік комбинаттарды қалпына келтіру міндетін жүктеді.




Яндекс.Метрика