Евразиялық одақ

Т. Сүлейменов: ЕАЭО-ның бірыңғай нарығы қызметті саудалауда бостандық сыйлайды

ЕЭК коллегиясы жанындағы кәсіпкерлік сұрақтары бойынша Брестегі консультативтік комитеттің бесінші отырысында экономика және қаржы министрі Тимур Сүлейменов ЕАЭО-ның бірыңғай нарығы қызметті саудалауда саласында бостандық сыйлайтындығын айтты.
Әлемде26 Тамыз , 15:47

Отырысқа КО және БЭК мүше мемлекеттерінің меморган өкілдері, кәсіпкерлікті қолдау саласындағы өкілетті орган өкілдері, бизнес-қауымдастық, кәсіпкерлік қызмет субъектілері, ғылыми-сараптамалық бірлестіктің өкілдері қатысты, деп Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми порталы хабарлады.

Шарада Тимур Сүлейменов ЕАЭО келісіміне енген жаңашылдықтар туралы баяндады.

«ЕАЭО аясындағы бірыңғай нарық  қызметтерді саудалау саласында толық бостандықты сыйлайды», - деді ол.

ЕЭК кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры, Консультативтік комитеттің жауапты хатшысы Рүстем Ақбердин қазіргі таңда қызметтер саласы тізімінің қалыптасып жатқандығын айтты. Оған қоса құрылыс саласы – қызметтер тізіміне енетін сала-үміткердің бірі, бірыңғай нарық 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді.

«Беларусь пен Ресей 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап аттестаттар мен рұқсаттарды берудің ынтымақтасты жүйесіне көшпек. Қазақстан жүйеге 2016 жылы қосылуы мүмкін», - деді ол. 




Яндекс.Метрика