Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Ақмола облысы Шортанды ауданында өмір сүру ұзақтығы 4 жылға ұзарды

Ақмола облысы Шортанды ауданында өмір сүру ұзақтығы 66,4 жылды құрайды, 2013 жылы бұл көрсеткіш 62,2 болған еді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ақмола26 Тамыз , 17:02

«Халықтың сырқаттануы мен өлімі азайды. Бұл өз кезегінде елдің өмір сүру ұзақтығының 4,2 жылға артуына жол ашты. 2014 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 66,4-ке жетті, былтыр бұл көрсеткіш 62,2 болған еді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бірнеше жыл бойы ауданда ана өлімі тіркелмеген. Нәресте өлімі болса екі есеге дейін азайды. 2014 жылы бұл көрсеткіш мыңнан бірді құрады.

Хабарламада айтылғандай, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда біліктілік деңгейі бар медицина қызметкерлерінің де саны артқан.

Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі тізіміне міндетті скрининг те кіреді. Аудан тұрғындарының осынау қызметпен қамтамасыз етілуі 2014 жылы 40,6% құрады. Ал мақсатты индикатор бойынша бұл көрсеткіш 30% деп жоспарланған.




Яндекс.Метрика