Өңірлер

Ақмола облысында 340 кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысады

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 340 кәсіпкерлік бар, оған 3991 адам қызмет ететін цехтер мен кәсіпкерліктер енеді, деп «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлады.
Ақмола26 Тамыз , 15:02

Облыста 6 ай ішінде 20,6 млрд теңгенің азық-түлігі өндірілді. Оған қоса ет өнімдерінің өнімі өсті ол 2,27 млрд теңгені құраса, өсімдік майлары 264,3 млн теңге, ұн 7,6 млрд теңге, өзге азық-түлік өнімдері 385,7 млн теңге, сүт өнімдері 5,3 млрд теңгеге өндірілді.

Сондай-ақ, 6 айдың ішінде өңдеуші өнімдердің ішінен көш бастап тұрған ұн-37 пайыз, сүт өнімдері-26 пайыз, ет пен ет өнімдері-11 пайыз, нан-тоқаш өнімдері-10 пайыз, өзге азық-түлік 16 пайызды құрады.

«Сондай-ақ, ауыл шаруашылық өнімдердің көлемі артуда. 2013 жылы 37,8 млрд теңгенің өнімі жүзеге асып, өндірілді. Ол 2014 жылмен салыстырғанда 1,4 млрд теңгеге немесе 1,4 пайызға жоғары», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика