Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қазақстанда ХҚКО қызметкерлерінің жалақысын көтеру ұсынылуда

Елдегі жемқорлық әрекеттердің алдын алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің айлық жалақысын көтеру туралы ұсынысты «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов Астана қалалық саяси кеңесінің отырысында айтты.
Нұр-Сұлтан26 Тамыз , 11:03

«ХҚКО мен салық органдары секілді халықпен тікелей жұмыс істейтін мекемелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қажеттілік бар», - дейді С.Ахметов.

Штаттық кестеге сай, ХҚКО қатардағы қызметкерлерінің орташа жалақысы 65 мың теңге болса, жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің айлық жалақысы 45 мың теңге, салық органдары қызметкерлері міндетті әлеуметтік алымдарды санамағанда 60 мың айлық алады, дейді Астана қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары.

«Халық санын арттыру кезінде жұмыс тұрақты артып отырады, осы орайда аталмыш мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің біліктілік деңгейлерін де естен шығармау қажет. Ол жемқорлық әрекеттерге тоқтау болар еді», - дейді.

«Ал мемлекеттік қыметкерлерге келер болсақ, олар нәтижелі жұмыс істеумен қатар жеткілікті деңгейде материалдық жағдай мен моральдық құндылықтарға ие болуы қажет», - дейді С.Ахметов.

Камила Амирова           




Яндекс.Метрика