Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

2 млрд жуық долларды АШМ АӨК-нің бизнес субъектілерін сауықтыруға бағыттайды

«Агробизнес 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыруға шамамен 2 млрд доллар бағыттау қарастырылған, деп хабарлады ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Төлібаев.
Казахстан10 Қыркүйек , 08:10

«Сауықтыру бағдарламасының басталғанын хабарлаймыз. «Қазагро» тартқан қаражат 2 млрд долларды құрады, оған қоса 1 млрд доллар биыл алынған, келесі жылы тағы да 1 млрд доллар бөлінеді. Барлығы 2 млрд доллар АӨК сақтандыруға тартылады», -деді М.Төлібаев.
                   
Вице-министр түсіндіргендей, қаржылай сауықтыру бағдарламасына қазір ЕДБ-де «қымбат және қысқа» несиелері бар ауыл кәсіпорындары қатыса алады. 
«Яғни жылдық 7% астам және қысқа несиелер -  бұл 5 жылдан аз. Бұл несиелер шаруалар үшін тым ауыр тиеді деп есептейміз, сондықтан олар ЕДБ-ге біздің сауықтыру бағдарламасына қатысу өтініш білдіре алады», - деп толықтырды ол.

М.Төлібаевтің айтуынша, қаржыны «ҚазАгро» банктерге үлестіреді, ал банктер бұл ақшаға қазір баланстағы несиелерді қайта қаржыландырады. 

Бұдан өзге, ол «бұл бағдарлама бір жолғы және өтінімдер 2014 жылдың ортасына дейін ғана қабылданады. Бұл ақпаратты біз банктерге және сайтымызда тараттық. Бір жыл сауықтыруға құжаттар жинауға жеткілікті мерзім» деп айтып кетті.

Ауыл шаруашылығы мәліметіне сәйкес, процедураға 2013 жылдың 1 қаңтарына жағдай  бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7% асатын қарыздары бар ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер және азық-түлік пен қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары жіберіледі.  Қаржылай сауықтыру кезінде қарыз мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, сыйақы мөлшері жылдық 7% дейін азайтылуы мүмкін. Қаржылай сауықтыруға қатысу үшін ниет білдірушілер екінші деңгейдегі банктерге және алдында міндеттемелері бар басқа да несие ұйымдарына барулары қажет. 
 




Яндекс.Метрика