Халықаралық интеграция

«Жаңа Жібек жолы» тауар жәрмеңкесі «Қорғас» ХШЫО-да өтті

Алматы облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының ұйымдастыруымен Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік керуені» жаңа жобасы - «Достықта жоқ шекара», «Граница не разделяет сердца друзей» аймақтық шекара маңы ынтымақтастығы фестивалі мен «Жаңа Жібек жолы» тауар жәрмеңкесінің дәстүрлі ашылуы болды.
Алматы26 Тамыз , 12:03

«Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасымен және басқа елдермен тату көршілік қатынастар саясатын ұстанады және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында шекара маңы аймағындағы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды, іскерлік жобаларды жүзеге асыру бойынша әріптес болып табылады», - делінген хабарламада.

Жәрмеңке мен фестивальдің басты мақсаты - екі ел арасындағы тауар өнірушілердің әріптесікті нығайту мен арттыру, бірлескен бұқаралық іс-шаралар (халықпен кездесулер, ақпаратттық көрмелер, концерттік бағдарламалар  негізінде этносаралық келісім мен толеранттылықтың қазақстандық моделін, көпэтносты Қазақстан халқы мәдениетінің әралуандығын, әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктерін насихаттау.

Жәрмеңке аясында қатысушыларға сапалы тауарларды қолжетімді бағамен алып қана қоймай, сонымен қатар Алматы облысының этномәдениеттерімен бірлестіктерімен танысу мүмкіндігі туды. Бес күн ішінде екі мемлекеттің ең үздік өндірушілері қонақтар мен қатысушыларға «Дунфан», «Су Синь», «Чжун Кэ», «Цзян Юань» сияқты көтерме және сауда орталықтарында қолжетімді бағамен тауардың кең ауқымды әрі сапалы түрін ұсынды.

Аталған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін «Қорғас» ХШЫО-да жұртшылыққа Алматы облысының кәсіпкерлік пен өнеркәсіп, инновациялық жобалар, инвестиция тарту салалары бойынша жетістіктерінің ақпараттық көрмесі, Жетісу суретшілері картиналарының көрмесі, «Шеберлер ауылы» қолөнершілерінің шеберлік-кластары мен қолөнер бұйымдарының жайма базарлары ұсынылып, екі ел арасында шағын және орта кәсіпкерлік саласында тәжірибе алмасулар болды.

 




Яндекс.Метрика