Білім беру

Семейдің 50 оқушысы «Мектепке жол» акциясы аясында көмек алды

«Мектепке жол» акциясы аясында Семейдің этномәдени бірлестіктері, дін қызметі мен кәсіпкерлерінен әлеуметтік аз қамтылған отбасының 50 оқушысына мектепке қажетті құралдар сыйланды.
Шығыс Қазақстан26 Тамыз , 11:33

50 мектеп оқушысына мектеп формасын, сөмкелер мен құрал-жабдықтар және спорттық формалар алу үшін Семейдің кәсіпкерлері, этномәдени бірлестіктері және діни қызметкерлері тарапнын 500 мың теңгеден астам қаражат жиналды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Акция Семейдің ішкі саясат бөлімі мен Орыс Әлеуметтік-Мәдени орталығының қолдауымен мектепке әлеуметтік себептер бойынша баруы қиындық тудырып отырған балаларды, жетім балаларды, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларының мектепке баруына көмек беру мақсатымен ұйымдастырылды.




Яндекс.Метрика