Өңірлер

Степногорск қаласында мектепке дейінгі мекемелерді қамтамасыз етуге 314 млн теңге бөлінді

Степногроск қаласында қала бюджетінің мектепке дейінгі мекемелерге шығарған қаржысы 314 318 теңгені құрады. Облыстық бюджеттен балабақшалардың күрделі жөндеуіне 11 571,6 мың теңге бөлінді, деп «Ақмола медиа орталығы» хабарлады.
Ақмола26 Тамыз , 15:32

Мектепке дейінгі  біліммен балаларды қамту жұмысын дамыту үшін мемлекеттік және жеке меншік серіктестік аясында 225 орындық балабақшаны қалада, 175 орындық балабақшаны Бестөбеде ашу жоспарланған.

ҚР «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында Степногорск қаласында  барлық азаматтарға қай тілде оқу таңдауы берілді. Мемлекеттік тілде оқитындардың саны 33.8 пайызды құрайды. 2014-2015 оқу жылдарына қарсы мемлекеттік тілдегі қосымша сыныптар №4,6 гимназияларда ашылды.

«Ұстаздардың білім беру деңгейі жоғары 83,2 пайызды құрап отыр, оның ішінде жоғары білімді 59,5 пайызы. Жас мамандардың үлесі біртіндеп көбеюде, өткен оқу жылымен салыстырғанда ол 19,7 пайызды құрады», - делінген хабарламада.

Бір оқушыны қамтамасыз ету құны көбейді, мәселен бір оқушының басына шаққанда 127,0 мың теңге құрады. Соңғы екі жыл ішінде  18 млн теңгенің 2 170 жиһаз жинағы сатып алынды. 




Яндекс.Метрика