Өңірлер

Павлодар облысының жас кәсіпкерлері бизнестің өзекті мәселелерін талқылады – ҰКП

Жаңадан басталған немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктерді қаржыландыру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Жас кәсіпкерлер клубының кезекті отырысында осы сынды мәселелер ортаға тасталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Павлодар26 Тамыз , 15:16

Жас іс адамдарының айтуынша, несие немесе грант алу кезінде олар көптеген әкімшілік кедергілермен бетпе-бет келеді. Мысалға, жас кәсіпкер Ольга Комарова осындай күрделі тұстарда тіс қаққан кәсіпкерлердің демеуіне сүйенетінін айтады.

«Бізге, жастарға, өзіміздің құқығымызды дәлелдеп шығу оңайға соқпайды. Біз енді ғана бастап жатырмыз. Кәсіпкерлік бойынша әріптестер мен инвесторлар табуда көмекке мұқтажбыз», - дейді ол.

Клубтың өзге де қатысушыларының айтуынша, істерін жүзеге асыру үшін жұмыс алаңына ие болатын арнайы орталық қажет-ақ. Клуб мүшелері сонымен қатар жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттауға арналған оқыту мекемелеріне бару қажеттілігіне де тоқталды.

«Біздің клуб – еріккеннің ермегі емес. Бұл бірдей ойлайтын, жаңа идеяларға толы жастардың басын қосатын жер. Клуб бізге мол мүмкіндіктер ұсынатын облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанынан жұмыс істейді. Бұл бізге белгілі бір деңгейде сенімділік береді. Алдағы уақытта өзін өзі жетілдіру және кәсіпкерлік біліктілікті арттыру шараларын қолға алуды жоспарлап отырмыз», - дейді Клуб мүшесі Азат Мамықанов.

Осылайша, отырыс қорытындысы бойынша 2014 жылдың Жұмыс жоспары бекітілді.




Яндекс.Метрика