EXPO-2017

АЫСШК жастары Шығыс Қазақстанда ЭКСПО-2017 тақырыбына арналған квест ойынына қатысты

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында Азиядағы ынтымақтастық пен сенім шаралары Кеңесінің (АЫСШК) жастар ұйымының бірінші кездесуі өтті, деп «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы хабарлады.
Шығыс Қазақстан26 Тамыз , 10:32

Қытай, Қырғызстан, Әзірбайжан, Палестина, Ирак, Түркия, Ресей  және Қазақстан елдерінің өкілдері «Жастардың мәдениаралық диалогы Азиядағы ынтымақтастық  негізі» атты жастар кеңесінің отырысына қатысқан.

«Қазақстан жастарының Конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Ғани Дүйшеновтің айтуынша, лагерь қатысушылары үшін түрлі семинарлар мен тренингтерге, жастар саясатына арналған мастер-кластар мен спорт және ойын-сауық шараларына қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

Лагердің соңғы күнінде жастар Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесімен танысып, сондай-ақ «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы квест ойынының қатысушысы болды.

Ойын барысында топқа бөлінген жастар түрлі сайыстарға түсіп, ЭКСПО-2017 көрмесінен алған ақпаратымен бөлісіп, баламалы энергияны өндіру құрылғысын ойлап табу байқауында тапқырлықпен  ерекшеленді.

Ойынның негізгі мақсаты – Азия елдері жастарының назарын ЭКСПО-2017-ге аударып, көрмеге белсене араласуға шақыру болатын. 




Яндекс.Метрика