Ұлтаралық бірлік

Қазақ тілінде еркін сөйлей аламын – армян бірлестігінің мүшесі Татэвик Мамиконян

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына жаңа міндеттемелер қойды, ұлт руханиятының қазақстандық патриотизмді нығайтуды және дамытуды тапсырды, дейді Ақтөбе облысындағы «Урарту» армян этномәдени бірлестігінің мүшесі Татэвик Мамиконян.
Ақтөбе26 Тамыз , 10:14

«Үлкен ортақ отбасында біздің «Урарту» армян этномәдени бірлестігіміз де өзгелермен терезесі тең түрде қызмет етіп, өзіміздің мәдениетіміз бен дәстүрімізді, тілімізді насихаттау жолында жемісті еңбек етуде. Осы орайда біз мемлекет тарапынан үлкен қолдау көріп отырмыз. Ақтөбедегі Достастық үйінде этномәдени бірлестіктер үшін толыққанды жұмыс істеуге барлық жағдай қарастырылған. Бірлесе жұмыс істей отырып біз егеменді Қазақстанымызды дамытып, ондағы ұлтаралық келісімді нығайта түсеміз», - дейді Т.Мамиконян.

Достастық үйі жанында армян жексенбілік мектебі жұмыс істейді.

«Мұнда біз қазақ тілін үйренеміз. Қазіргі таңда өз басым мемлекеттік тілде еркін сөйлей аламын. Жалпы, бірлестіктің көптеген мүшесі қазақ тілін еркін меңгерген. Шығармашылық ұжымның репертуарында да қазақ тіліндегі ән мен би түрлері бар. Өйткені бізің тағдырымыз Қазақстанмен біте қайнасқан, мәдениетіміз де алшақ емес», - дейді армян бірлестігі мүшесі.




Яндекс.Метрика