Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда ТКШ мәселелері талқыланды

Облыстық әкiмдiктiң кезектi аппараттық кеңесiнде алдымен пәтер иелерi кооперативтерiнiң жұмысы қарастырылды. Облыстағы ПИК-тердiң жұмысы туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Антон Федяев баяндады.
Солтүстік Қазақстан26 Тамыз , 09:46

«Бүгiнде облыста 1705 көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың 827-сiнде басқару органымен қамтылған. 64-iнде жауапты адамдар бекiтiлген. Тұрғындардың басын қосатын не ұйым, не жауапты адамы жоқ 150 үй бар», — Антон Федяев өз баяндамасында.

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдерiне ПИК-тер ашу, пәтерлерi аз үйлерде жауапты адамдарды бекiту сияқты жұмыстарды әлсiретпеудi тапсырды.

Антон Федяевтiң баяндамасы бойынша, облыстағы көпқабатты үйлердiң 50 пайызы жылу жүйесiн жуып-шайып, тексерiстен өткiзген. Облыс орталығында 4 ұйым даярлық жұмыстарын атқарып жатыр. Олар күнiне 50 шақты үйдi тексерiстен өткiзедi екен. Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов бұл қарқынмен қысқа даярлықтың мерзiмi ұзап кетуi мүмкiн екендiгiн айтты.

Бұдан кейiн тұрғын үй-коммуналдық саланы жандандыру бойынша атқарылған жұмыстар жайында да айтылды.

Бағдарламаның тиiмдi жүргiзiлуiнiң басты көрсеткiштерiнiң бiрi бөлiнген қаржының уақытылы қайтарылуы. Облыс бұл көрсеткiш бойынша жетекшi орындардан көрiнiп отыр. Мәселен, 373 млн. теңгенiң 302 млн. қайтарылған.

Сондай-ак, кеңесте коммуналдық төлемдер үшiн қарызды өтеу мәселесi қарастырылды. Облыс әкiмi бұл жұмысты жүргiзуде қарызды өндiрiп алу жұмысын босаңсытпау керек екендiгiн айтты.

 




Яндекс.Метрика