Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстанға көмірсутегі ресурстарын басқарудың тиімді жүйесі қажет – Н.Назарбаев

Бізге көмірсутегі ресурстарын басқарудың тиімді жүйесі қажет. Шикізат қоры экономиканың өсуін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің басты табыс көзіне айналмауы тиіс. Бұл туралы дамушы нарықтардың Еуразиялық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Астана қаласы10 Қыркүйек , 12:20

«Бәрінен бұрын, мұнай өндірудің түрлі жолдарын қарастыру қажет. Тиімді жолды тапқанда тұрақты пайданы сақтап қалудың және  2050 жылға дейін мұнай өнімдерін экспорттаудың барлық негіздері бар, яғни, Ұлттық қорға түсетін тұрақты кірісті қамтамасыз етеді. Күрделі жағдайға тап болғанда, оны да жоққа шығаруға болмайды, біз экспорттайтын мұнай қорларымызды жүдетіп алуымыз мүмкін. Біздің халық үшін жылына 2 млн баррель мұнай өндірсек жеткілікті. Сондықтан, дәл осындай көмірсутегін шығарудың шектеулі экономикалық өсімін қатаң ұстанатын боламыз», - деді Мемлекет басшысы.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика