Халықаралық интеграция

ҚХР-да ШЫҰ мүше мемлекетердің оқу-жаттығулары басталды

"Чжужихэ" полигонында (ҚХР) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің "Бейбіт миссия-2014" антитеррорлық бірлескен оқу-жаттығулары басталды.
Әлемде26 Тамыз , 09:16

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 29 тамызға дейін  өтетін шараға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Қарулы күштерінің бөлімшелері қатысады.

Майор Кирилл Ложкин бастаған десанттық-шабуылдаушы батальон мен полковник Тұралы Қойшықұловтың басшылығымен майдандық және әскери-көлік авиациясының буыны Қазақстанның Қарулы күштерінің атынан шығады.

Қазақстандық делегацияның басшысы генерал-майор Мұқан Дүйсекеев «оқу-жаттығу барысында коалициялық түрішілік топтарды басқару әдістері мен машықтары орнатылатыны, соның арқасында жауынгерлерді даярлауда  даярлауда тәжірибе алмасу үшін жақсы мүмкіндік екенін» атап өтті.

М.Дүйсекеевтің пікірінше, «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер тәжірибе алмасу ынтымақтастығының жоғары деңгейін көрсетіп, әскерлеріміз өзінің далалық және ұшу машықтарын арттырады».

«Авиаторларымыздың қатарында жас ұшқыштар мен штурмандар да баршылық. Олардың көлемді оқу-жаттығуларға қатысулары кәсіби даярлықтарын арттыруда маңызды орын алады. Себебі, экипаждар көпұлтты контингенттердің құрамында ату мәселелерін орындайды, жеке құрамның десанттауы және әуе барлауы жүзеге асырылады», - деді ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов сөз барысында.

Оқу-жаттығулар барысын жариялау үшін Ұйымға мүше мемлекеттерден 50-ден астам БАҚ өкілдері шақырылған. 

 

 




Яндекс.Метрика