Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Н. Назарбаев бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізді

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Өкімімен Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бірқатар тағайындау жүргізілді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 18:30

Саян Қылышұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.




Яндекс.Метрика