Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Құрылыс, ТКШ және жер ресурстарын басқару комитетінің басшылығы тағайындалды

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Құрылыс, ТКШ және жер ресурстарын басқару комитетінің басшылығын ведомство қызметкерлеріне таныстырды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 16:59

Комитет төрағасы – бұрын ҚР өңірлік даму министрінің орынбасары болған Қосман Айтмұхамбетов.

Комитет төрағасының орынбасары – ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы қызметін атқарған Владислав Галиев.

Комитет төрағасының орынбасары – ҚР Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстары басқармасы комитетінің төрағасы орынбасары қызметін атқарған Бауыржан Смағұлов.

Комитет төрағасы орынбасары – ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Заң департаменті директорының қызметін атқарған Дина Акрачкова.

«Комитет алдында нақты тапсырмалар тұр. ТКШ жүйесі мәселесін шешуі қажет. Соның ішінде құрылыс саласында жаңа стандарттарға өту мен жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі де маңызды», - дейді Ерболат Досаев.




Яндекс.Метрика