Білім беру

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарындағы оқу құны биыл өзгермейді – БҒМ басшысы

Қазақстан ЖОО оқу құны биыл өзгермейді, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Орталық коммуникациялар брифингінде.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 16:42

«Биыл ЖОО оқу құны ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Олар мемлекеттік грантқа негізделген. Мемелкеттік және ұлттық оқу орындарының құны сақталады», - деді А.Сәрінжіпов.

Министрдің айтуынша, ведомствоның бұл ұстанымы оқу құнының елдегі жалпы оқуға деген қолжетімділікке әсер ететіне орай қойылып отыр.

«Біз стратегиялық міндеттемені алға қойып отырмыз. Жастар үшін білім алу қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін оқу құнын көтертпейміз. Биыл бұл міндетті түрде сақталады», - дейді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика