Өңірлер

Қазақстандық бизнеске инвестицияға кеңінен рұқсат алу керек – Ошақбаев

Қазақстандық бизнеске өнімділік пен экспортты ұлғайту үшін инвестицияға кеңінен рұқсат алу керек, деп ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 18:38

«Біз осы аптада жарияланған санкциялар бойынша «Бизнес-мобилизация» атауымен акция өткіздік. Біз шарада кәсіпкерлерді өз өнімділіктерін күшейтіп, тауарларын Ресейге экспорттауға шақырамыз. 3 күн бұрын күніне 10-20 өтінімнен қабылдай бастадық. Кәсіпкерлер дайын және инвестицияға кеңінен рұқсат алуды қажет етеді», - деді Р. Ошақбаев.

Қазіргі таңда несиелендірудің жоғары қызметі мен кепілдік негізінің жетіспеушілігіне байланысты қаржыландыру баяу жүруде.

«Көптеген кәсіпорындар несиелендірілгенін көрсетсе, екінші жағдайда кәсіпорындарға кепілдік жетіспей жатады. Белгілі заңнамалық шектеулер бар егер біз оларды алып тастап, жобаларға қаржы бағыттасақ, өнімділік өсер еді», - деді ол.

Сондай-ақ, ҚР ҰКП басшысының орынбасары атап өткендей, барлық жүктелген тапсырмаларды орындау үшін «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес-2020» және ҮИИД МБ екінші бесжылдығы бағдарламаларымен  жұмыс жасау қажет. 




Яндекс.Метрика