Мәдениетті жаңғырту

ҚР Тұңғыш Президентінің музейі елдің тарихын аша үседі – РФ елшісі

ҚР Тұңғыш Президентінің музейі елдің жаңа тарихы туралы мәліметтерді кеңейте отырып елордалық мәдени мекемелер арасында оқ бойы озып шығады, деп мәлімдеді «Заманауи қоғамдағы музей. Дамудың жаңа жолдарын іздестіру» ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 16:11

«Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының елдегі музей кеңістігіндегі ұйымдарының жетістіктеріне үлкен баға береді. ҚР Тұңғыш Президентінің  музейі елдің жаңа тарихы туралы мәліметтерді кеңейте отырып елордалық мәдени мекемелер арасында оқ бойы озып шықты», - дейді ол.

Сонымен қатар, РФ елшісі музей ісінің халықтар арасындағы байланысқа өткел бола отырып тарихи достықты одан ары дамыта түсуде үлкен мәнге ие екенін айтты.

«Тұңғыш Президент музейінің елдің тарихи және мәдени құндылықтарын зерделей отырып өзара жақындасуына және қоғамның бірыңғай қалыптасуы мен жекелеген адамдардың рухани құндылықтарды бойына сіңіруде үлкен қызметтер атқарып келе жатқанына бүгінгі таңда сіз бен біз куә болып отырмыз. Қазіргі таңда адамдардың музейлерге барып, рухани көкжиектерін кеңейтуіне мүмкіндік беріп, халықтық мәдениетті бойларына сіңіруге жағдай жасауымыз қажет. Музей ісі кез келген қоғам үшін атүсті қарайтын мәселе емес екені анық», - дейді М. Бочарников.

Сонымен қатар, ҚР-дағы РФ елшісінің айтуынша, бүгінгі таңда адамдардың музейге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ірі жобалар қолға алынуда.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика