Мәдениетті жаңғырту

Тұңғыш Президент музейінің мерейтойына орай «Бізге 10 жыл!» фотокөрмесі ашылды

Бүгін Тұңғыш Президент музейі өзінің 10 жылдығын атап өтуде. Мерейтой шаралары барысында қонақтар «Бізге 10 жыл!» фотокөрмесінің материалдарымен танысу мүмкіндігіне ие болады.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 15:53

«Мерейтой мерекесіне қатысушыларға ұсынылған фотокөрме 10 жыл ішіндегі ұжым қызметінен хабар береді. Сонымен қатар,қонақтар есептеу-қор қызметі, экспозициялық-көрме, тәуелсіздіктің тарихы мен білім беру-ағарту жұмыстары аясында қол жеткізген жетістіктерді насихаттау бойынша ғылыми-зерттеу қызметі және ақпараттық орталық қызметі аясындағы БАҚ-пен өзара байланысқа негізделген ақпараттық ресурс қызметтерінің сапалы даму және жетілуі бойынша құрылымдық бөлімшелер жұмысымен таныса алады. Осының барлығы музейдің 10 жылдығына арналып ұйымдастырылған фотокөрме материалдарында кеңінен қамтылған», - дейді ҚР Тұңғыш Президені музейі директорының  орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Ботакөз Қайыпова.

Айта кету керек, мерекені тойлау аясында Тұңғыш Президент музейінде Нұрсұлтан Қалиевтің «Ағаштың құдыреті» жеке көрмесі мен «Әріптестер шоғыры» музейлер форумының ашылуына, музей мен ғылыми орталықтардың байланысын күшейтуге бағытталған музейдің 10 жылдығына арналған халықаралық конференция мен музей педагогигикасы мен алдыңғы қатарлы мамандардың қатысуымен Қаақстандағы музей ісінің өзекті мәселелері  бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Индира Қауметова

 

 




Яндекс.Метрика