Мәдениетті жаңғырту

Тұңғыш Президент музейіндегі көрмеде ағаштан жасалған 60-қа жуық бұйым таныстырылды

Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде ағаш бұйымдардың шебері Нұрсұлтан Қалиевтің «Ағаштың құдыреті» атты көрмесі өтті.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 15:21

Жәдігерде 59 жұмыс көрсетілді, ол автордың суретшілігі мен шығармашылығынан сыр шертті. Көрме Ш. Сәриев атындағы Атырау облыстық музейінің қолдауымен Музейдің серіктестік көрме жобасы аясында 10 жылдық мерейтойға арналып отыр.

« «Ағаштың құдыреті» көрмесі серіктестік жоба аясында таныстырылды. Ағаш шебері Нұрсұлтан Қалиевтің өнері өзіндік сипатқа ие. Көрме жастар жобасы арқылы серіктестіктің жүзеге асуын байқатуға бағытталған. Біздің қонақтар жас суретшінің өнерін тамашалап қана қоймай, қазақстандық жас суретшілерді толғандырып жүрген мәселелерді сезіне білді», - деді ҚР Тұңғыш Президенті музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Ботакөз Қайыпова.

Нұрсұлтан Қалиев 1978 жылы 20 ақпанда Атырау қаласы, Балықшы кентінде дүниеге келген. Шебердің шығармашылыққа қызығушылығы жас кезінен басталады, кейін ол ағаш өнерінің суретші кәсібіне саналы түрде бой алдырады.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын бітіргеннен кейін, қолданбалы өнерден өткізілген әр түрлі сайыстарға белсене қатысады.

Нұрсұлтан Қалиевтың туындылары Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінің озық дәстүрлерін жалғастырушы ретінде көптеген республикалық ұжымдық көрмелерде көрсетіліп, өзінің нағыз көрермендерін тапты. Шебердің алғашқы көрмесіне автордың шеберлігі мен суретшілік өнерінің дамуын айқындайтын 59 шығармасы қойылды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика