Білім беру

Колледждерге биыл 5000-нан астам грант бөлінді – БҒМ

Биыл колледждердегі техникалық мамандықтарға бес мыңнан астам грант бөлінді, деп мәлімдеді Қаақстан Республикасы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 15:06

«Биылғы жаңалықтардың бірі ретінде техникалық мамандықтарға республикалық бюджет есебінен берілетін білім беру гранттарының санын 5 мыңға дейін арттыруды айта аламыз. Осы арқылы талапкерлер бірінші деңгейдегі техникалық мамандықтарды тегін игере алады», - дейді министр.

Министрліктегі тиісті департаменттің хабарлауынша, қазіргі таңда республикада 849 колледж жұмыс істеп тұр. Соның көпшілігі, яғни 472-сі мемлекеттік оқу орны. Онда 562 мың студент білім алуда. Бұл 14-24 жас аралығындағы жастардың шамамен 17 пайызы.

Бұрындары да айтылғандай, биылғы жылдың соңына дейін Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында және Астана қаласында екі колледж ашу жоспарланған. Еңбек күші жетіспейтін өңірлердегі 7 ЖОО мен 24 колледжде жаңа оқу жылынан бастап екі мыңдай студент білім ала бастайды. Сонымен қатар, елдің 176 колледжінде дуалды оқыту жүйесі енгізіледі. 2016 жылға дейін осынау жүйедегі колледждер үлесі 20 пайыздан 50 пайызға артпақ.

«Қазіргі таңда колледждер саны сұранысқа толықтай жауап береді. Алайда мәселе осы оқу орындары беретін білімнің сапасында болып отыр. Ол үшін материалдық-техникалық базаны жетілдіріп, инженерлік-педагогикалық мамандардың біліктіліктерін арттыру керек», - дейді бас ұстаз.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика