Өңірлер

Сенат депутаты ОҚО сайлаушыларымен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Отырар, Бәдібек, Созақ, Арыс, Сарыағаш, Шардара, Мақтаарал облысы және Кентау,Түркістан мен Шымкент қалаларында болды.
Оңтүстік Қазақстан25 Тамыз , 18:06

Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар барысында депутат экономика, облыстың әлеуметтік және саяси өмірімен танысып, жергілікті тұрғындар, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті.

Сондай-ақ, Мақтаарал ауданында депутат жүгері плантацияларына еніп жатқан жаңа технологиялармен танысты.

Оған қоса, Қ.Айтаханов Шымкент қаласында азаматтарға жеке қабылдау өткізді. 




Яндекс.Метрика