Білім беру

2014 жылы жаңа оқулықтарды сатып алу үшін 8 млрд теңге бөлінді – Сәрінжіпов

Ағымдағы жылы мектеп мекемелерін жаңа оқулықтармен қамтамасыз ету үшін 8 млрд теңге бөлінді, деп ОКҚ брифингінде білім және ғылым министрі мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 13:49

«Біз орган ретінде оқушылардың 100 пайыз  оқулықтармен қамтамасыз етілуі үшін күресудеміз. Облыстардың есеп беруі бойынша, барлығы оқу жылына дайын, оқулықтармен қамтылған. Тек Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облысында осы мәселе бойынша сұрақтар туындады», - деді министр.

Сондай-ақ, БҒМ басшысы ағымдағы жылы оқулықтарға байланысты сұрақтар шешілетінін айтты. Елде кітапханаларда бар оқулықтан бұрын кітаппен қамтылуға 8,3 млрд теңге бөлінген.

«Оқулықтардың сапалылығы бойынша жауапкершіліктің үш деңгейі бар. Біз министрлік ретінде пішіндерді дайындап баспаға жібереміз, олар соның ізімен оқулықтарды дайындайды», - деді ол.

Оның айтуынша, пәндік кабинеттерді жабдықтау жұмысы ұсынылған. «2014 жылы 700 жаңа кабинет жергілікті бюджетке жабдықталды. Олардың барлығы жаңа оқу жылында жұмысын бастайтын болады», - деді ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика