Өңірлер

Несие алу үшін құжаттарды электрондық жүйе арқылы жіберуге болады – ҚазАгро

«ҚазАгро» ұлттық холдингі Электрондық ақпаратты жүйені тәжірибелік пайдалану үшін іске қосады, ол шаруаларға несиелеу рәсімдерін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді, деп холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан25 Тамыз , 17:36

Холдингте атап өткендей, бұл жаңа енгізілімнің арқасында әлеуетті қарыз алушы еншілес компаниялардың кеңселеріне баруды қажет етпей-ақ қаржыландыруға өтінім беру мүмкіндігін алады. «ҚазАгро» енгізетін Жүйе аграрларды облыс орталықтарына керексіз барудан арылтуға тиіс, осы ретте уақыт және қаржы шығындары біршама қысқартылады. Бұл үшін тек қана интернет желісіне қосылған компьютер мен өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

«ҚазАгроның» www.credit.kazagro.kz интернет-порталында қол жетімді несие өтінімдерін жинау және өңдеудің жаңа жүйесі алғашқы кезеңінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизинг бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтінімдер қабылдайды. Ағымдағы жылдың аяғына дейін қызмет «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несие бағдарламаларының барлық түрлеріне де қолжетімді болады.

Электрондық форматтағы несие өтінімін беру процессі мынадай кезеңдерден тұратын болады:  «ҚазАгро» ұлттық холдингінің интернет-порталындағы клиент электрондық өтінімді толтырады, бұл ретте құжаттардың бөлігі электрондық үкімет порталынан автоматтық режимде жүктеледі, ал автоматтандырылмаған құжаттар пайдаланушының компьютерінен жүктеледі және ЭЦҚ қол қойылады.

Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылғаннан кейін қалыптастырылған электрондық несие өтінімі тиісті еншілес ұйымға түседі. Несие өтінімдерін қарастыру нәтижесін қарыз алушы холдингтің порталындағы жеке кабинетінен бақылай алады. Бұдан басқа,  клиент  «онлайн-режимде» несие менеджеріне хабарлама жібере алады, қажет болған жағдайда несие өтінімдерін құжаттармен толықтыра алады.   




Яндекс.Метрика