Бюджет саясаты

Еуро дағдарыстан шықты – Н.Назарбаев

Еуро дағдарысы артта қалды. Бұл туралы Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Астана қаласы10 Қыркүйек , 12:10

«Арнайы шақырумен біз Санкт-Петерборда өткен «үлкен жиырмалықтың» Саммитіне қатысып қайттық. Мен ол жерде әлемдік қаржы архитектурасы мен дағдарыстан шығу жолдары туралы өз ойымды анық жеткіздім. Осынау Саммиттің барлық отырыстарына қатыстым, осы жерде айта кетерлік жарқын жаңалық – Еуропаның экономикалық жағдайы жақсарып, еуро дағдарысы артта қалды. Жоспардағыдай болмаса да, ептеп-ептеп көтеріліп келеді. Американың экономикалық жағдайы да осы деңгейде. Әлемдегі жұмыссыздық әліде болса толғандыратын мәселелердің қатарында қалып отыр. Сирияға қатысты мәселе де тартысты әрі ұзақ талқыланды. Оны бәріміз де білеміз.

G-20 форумында өткен пікірталастың белсенді қатысушысы ретінде Қазақстан де-факто күйде қазіргі заманның әлемдік даму ортасына енді», - деді Елбасы. 




Яндекс.Метрика