Білім беру

БҒМ басшысы жаңа оқу жылына сақадай сай екендіктерін жариялады

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде жаңа оқу жылына сақадай сай дайын екендіктерін айтты.
Нұр-Сұлтан 25 Тамыз, 13:04

«Бүгінде біз жаңа оқу жылына толықтай дайын отырмыз. Білім берудің барлық жүйесі бйынша жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілді», - деді министр.

«Оқу жылының басында жаңадан  76 мектеп пайдалануға беріледі. Соның 14-і қазір салынып бітсе, тағы екеуі қыркүйекте ашылады. 2014-2015 оқу жылында қосымша тағы да 153 мектеп ел игілігіне ұсынылмақ», - дейді бас ұстаз.

Биылғы оқу жылында салынып бітетін 153 мектептің 60-ы апаттық жағдайдағы мектепті алмастырмақ. 12-сі үш ауысымды мектептерді жою мақсатында салынуда. 2017 жылға қарай Қазақстанның көптеген облыстары үш ауысымды мектептерден біржола арылмақ.

Республикалық бюджет есебінен мектеп мекемелерінің жартысы салынатын болады.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, соңғы мәліметтер бойынша күндізгі мектептер желісі 7649 мектепті құрайды. «Алдын ала жоспарлар бойынша биылғы оқу жылында онда оқитын балалар саны 600 мыңды құрамақ. Бұл өткен жылғыдан 69 мыңға артық. Статистикаға сүйенсек, алдағы бірнеше жылда бұл үрдіс сақталмақ. Жыл сайынғы өсім саны 50 мың шамасында болмақ».

Камила Амирова





Яндекс.Метрика