Өңірлер

Ақтөбе облысының 11 ауылы жыл соңына дейін көгілдір отынмен қамтылады

Ақтөбе облысында 632,3 мың адам газбен қамтылған, ол облыстың 80 пайызын құрайды.
Ақтөбе25 Тамыз , 19:11

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, ағымдағы жылы 15 ауылды газбен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін 22,0 мың халқы бар 11 ауылдың тұрғыны газбен қамтылады.

«Сондай-ақ, өңірді дамыту бағдарламасына сәйкес техникалық-экономикалық және жобалық-сметалық жұмыстар тағы 26 пункт бойынша дайындалуда, оларды қаржыландыру 2016-2018 жылдарға қарастырылған», - деп хабарлады әкімдікте.

 

 




Яндекс.Метрика