Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің басшылығы тағайындалды

ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ведомство қызметкерлеріне Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің басшылығын таныстырды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 13:32

«ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы болып Серік Жұманғарин тағайындалды. Оның орынбасарлары болып бұрын ҚР Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған Арыстан Қабікенов, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры лауазымын атқарған Азамат Майтиев, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Интеграциялық саясат департаментінің директоры болған Әлия Жұмабаева, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінң жауапты хатшысы болған  Рустам Ахметов тағайындалды », - делінген баспасөз хабарламасында.




Яндекс.Метрика