Мәдениетті жаңғырту

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне 31 нысанды енгізу жоспарлануда

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне 31 нысанды енгізу жоспарлануда .Бұл туралы Еуразиядағы Бүкіләлемдік мұралар қалаларының 7-ші Халықаралық конференциясыаясындағы баспасөз-конференциясында Қазақстан Республикасының бүкіләлемдік мұралар ұлттық комитетінің Бас хатшысы, ЮНЕСКО сарапшысы Дмитрий Воякин мәлімдеді, деп Ақтау қаласының әкімдігінде хабарлады.
Маңғыстау25 Тамыз , 17:19

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне 1000 нысан енгендігін атап өтті. Соның ішінде, Қазақстанның 3 нысаны аталған тізімге қосылған. 

«Ағымдағы жылдың маусым айында Доха қаласында (Қатар) ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар Комитетінің 38-ші сессиясы өтті. Сессияда Ұлы Жібек жолында орналасқан 8 тарихи ескерткішті ЮНЕСКО тізіміне енгізу өтініші мақұлданды. Бұдан басқа, тағы 31 нысанды енгізу жоспарланып отыр. Маңғыстау облысында өте көп табиғи-тарихи ескерткіштер бар. Жуық арада Қызылқала қалашығының (Шетпе селосынан 18 шақырым) тарихи ескерткіштерін және жерасты мешіттерді ЮНЕСКО тізіміне енгізуді ұсыну жоспарлануда»,  - деді Д.Воякин.

Өз кезегінде Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин, ЮНЕСКО тізіміне тарихи ескерткіштерді енгізу мәселесі табанды әрі тынымсыз еңбекті, халықаралық ұйымның сарапшыларымен аталған нысандарды жан-жақты зерттеуді қажет ететіндігін айтты. Бұл бағытта Еуразиядағы Бүкіләлемдік мұралар қалаларының 7-ші Халықаралық конференциясы аймақтың қонақжайлылығын айқындай түсіп, туризмді дамыту мен мұраларды сақтау үшін инвестиция тартуға зор мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

 




Яндекс.Метрика