Мәдениетті жаңғырту

Алматы облысының Кеген ауылында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды

Райымбек ауданы Кеген ауылында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды.Аталған ғимараттың құрылыс және безендіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 266 млн. теңге қаржы бөлінді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Алматы25 Тамыз , 19:29

Көлемі – 1082 шаршы метр, жалпы алаңы – 1688 гектар болатын ғимараттың 4 экспозициялық: табиғат, көне тарих, кеңес дәуірі, тәуелсіздік залдары бар.Ондағы экспонат саны – 2015.

«Сіздерді бүгінгі Кеген ауылындағы тарихи-өлкетану музейінің ашылуымен құттықтаймын. Жетісу жері - тарихи құндылықтарға бай өлке. Кегенде ашылған бұл мұражай осы өңірдің өнегелі өткені туралы тереңнен сыр шертеді деп сенеміз», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов.

 




Яндекс.Метрика