Ұлттың денсаулығы

Астанада алғаш рет таеквондоның олимпиадалық нұсқасы бойынша Бүкіләлемдік Гран-при өтеді

29-31 тамыз күндері Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Отандық спорт тарихында тұңғыш рет таеквондоның олимпиадалық нұсқасы (WTF) бойынша Бүкіләлемдік Гран-при өтеді, деп мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 12:38

«Аталған бәсеке халықаралық күнтізбедегі ең беделді жарыстардың бірі болып саналады, турнирдің деңгейі құрлықтық біріншіліктер мен құрлық ойындарына тең», - делінген хабарламада.

Гран-приге әлемдік рейтингте тек үздік 35 спортшының тізіміне енгендер ғана қатысуға шақырылады.

Бүгінгі күні Астанадағы турнирге командаларды тіркеу аяқталды. Қатысушы елдер саны – 50, олардың арасында Корея, Иран, Ресей, АҚШ және тағы басқа әлемдік лидерлер ба, қатысушылар саны – 209, қонақтардың арасында әлем чемпиондары мен Олимпиада Ойындарының жеңімпаздары аз емес.




Яндекс.Метрика