Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Батыс Қазақстан облыстық сотында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды

Батыс Қазақстан облыстық сотында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған лауазымды тұлғалардың әрекеттерін дәрежелеуге арналған дөңгелек үстел өтті, деп облыстық сотта хабарлады.
Батыс Қазақстан25 Тамыз , 12:21

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта облыс соттарында аталған санаттағы 27 іс қаралғандығын атап көрсетті. Ағымдағы жылдың 6 айында 40 адамға қатысты 24 қылмыстық іс үкім шығарыла отырып қаралған.

 Олардың ішінде 39-ы сотталып, бір кісі ақталған. 2014 жылы бірінші жартыжылдықта сотталғандардың сегізі полиция қызметкерлері болса, 26 – сы мемлекеттік қызметшілер, бесеуі кәсіпкер.

"Дөңгелек үстелді" қорытындылай келе оған қатысушылар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған лауазымды тұлғалардың әрекеттерін дәрежелеуге арналған кезде заң нормаларын қолдануда туындайтын мәселелердің алдын алу бағытында одан әрі ықпалдаса жұмыс жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

 




Яндекс.Метрика