Өңірлер

ШҚО-дағы жәрмеңкеде 20 млн теңгенің тауары сатылды

ШҚО-дағы дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде фермерлер 20 млн теңгенің тауарын саудалады, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан25 Тамыз , 18:23

Облыс орталығындағы жәрмеңкеге 27 ауылдық округ пен Үржар ауданы  55 ауылының фермерлері өз өнімдерін алып келді. Олар мұнда шамамен 15 тонна ет пен 60 тонна жеміс-жидек көкөніс жеткізген.

Сонымен қатар, үржарлықтар палау, қымыз және өзге де ұлттық тағам түрлерін дайындап, 400-ден астам адамға тегін дастархан жайды.

«Белсенділерге арналған спорттық алаң ұйымдастырылып, 8 спорт түрі бойынша сайыс өтті. Ал суырып салма өнері майталмандарының шығармаларынан кейін мерекелік шара «Туған ел – алтын бесігім» гала-концертімен жалғасын тапты. Көрермендер назарына түрлі өнер туындылары ұсынылды», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика