Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Үкімет жыл соңына дейін дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасын әзірлейді

Үкімет жыл соңына дейін дамыған 30 елдің қатарына кіру концепциясын әзірлейді. Бұл туралы дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Астана қаласы10 Қыркүйек , 12:20
«Қазақстан 2050» стратегиясының басты мақсатына қол жеткізу үшін Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылу тұжырымдамасын мұқият жетілдіріп, жүзеге асыру қажет. Менің тапсырмам бойынша үкімет осы бағытта тиісті жұмыстар атқарып жатыр. Жыл соңына дейін тиісті жобаны ұсынатын боламыз», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, 2030 жылы дамыған 30 елдің қатарына кіру біздің ойлағанымыздан және көріп отырғанымыздан мүлде басқаша болуы мүмкін.
«Соңғы 10 жылда әлем қаржы дағдарысы, даму көрсеткіштерін жоғалтуы мен дау-дамайдың өсуі әсерінен дамудың қиын сатыларын бастан кешті. Бұл жағдайда берік қоры бар елдер ғана өзінің көшбасшылық позициясын сақтай алады. Сан-алуан талаптардың қатарында, ең бастысы – ішкі ауызбірліктің беріктігі, халықтың тұтастығы мен үлкен мәселелерді бірігіп шешуге деген құштарлық екені сөзсіз. Сондай-ақ біздің мемлекетіміздің экономикалық-әлеуметтік саясатының прагмативтілігі, сыртқы саяси бағытының дұрыстығы», - деп қосты Президент. 
Оның айтуынша, «дамушы мемлекет» ұғымы 2050 жылы өзінің бүгінгі күнгі мағынасынан мүлде өзгеше болуы мүмкін екенін ескерген жөн. 



Яндекс.Метрика