Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Конституциясының 19 жылдығы – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға

Биыл Қазақстанның бас заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 19 жыл толады. Естеріңізге сала кетейік, ол 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық меморандуммен қабылданған еді.
Казахстан25 Тамыз , 12:03

«Біз, ортақ тарихи тағдырымыз тоғыстырған Қазақстан халқы, қазақтың тарихи ата мекенінде мемлекет құра отырып, өзімізді бейбітсүйгіш ел ретінде сезіне отырып еркіндік идеалын негізге алып, теңдік пен бейбітшілікті бойтұмар етіп әлемдік аренада өзіміздің орнымызды нық бекіте отырып келешек ұрпақ алдындағы терең жауапкершілігімізді сезініп, өзіміздің егеменді құқығымызға сай осы Конституцияны қабылдаймыз», - деп басталады Қазақстан Республикасының Ата Заңы.

30 тамыз – мемлекеттік мереке – Қаақстан Республикасы Конституциясының  күні. Бұл күні, осыдан тура 19 жыл бұрын жалпыхалықтық референдум өтіп, Қазақстанның қалалары мен ауылдарындағы 10 253 сайлау учаскісінде ь Конституция қабылданды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, еліміз демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет. Мемлекеттің басты құндылығы адам мен оның өмірі, құқығы және еркіндігі.

Конституцияда барлығы 9 бөлім мен 98 бап бар. Қажет кезінде оған Парламент өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.

Конституцияға айтарлықтай түзетулер 2007 жылы енгізілгені анық. Сонымен қатар, 2011 жылдың ақпанында да Ата Заңымызға түзетулер жүргізілді. Ондағы мақсат Президенттің кезектен тыс сайлауын ұйымдасыру.




Яндекс.Метрика