Мәдениетті жаңғырту

Тұңғыш Президентінің Музейі 10 жылдығын тойлауда

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі өз қызметінде тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттейтін және насихаттайтын жетекші білім беру, коммуникациялық, мәдени ақпарат және шығармашыл инновациялық орталық ретінде республика мұражайларының арасынан лайықты орын алды.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 11:13

«Бүгінгі шара ерекше  шаралардың бірі болып есептеледі, себебі біз Музейдің 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысамыз. Мен осындай атаулы күнмен баршаңызды құттықтаймын. Әсіресе, музей қызметкерлеріне елдің игілігіне қызмет етіп отырған нысан құрған үшін алғысымды білдіремін. Айта кетерлік жайт, жақында Елбасының тапсырмасы бойынша мәдениет саясатының тұжырымдамасы құрылған болатын. Оның ішінде музейлердің дамуына ерекше көңіл бөлінуде.Біз елдегі музейлердің ғылыми-зерттеу орталығына айналғандығын қалаймыз», - деді мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлы. Т

Музейдің 10 жылдығына арналған «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру»  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталады.Конференция  мақсаты мұражайлар мен ғылыми орталықтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, академиялық және мұражай қауымдастығын біріктіру.Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, мемлекеттік органдардың, алыс және жақын шет мемлекеттердің ғылыми және мұражай қауымдастығының өкілдері қатысады.




Яндекс.Метрика