G-global

Тува еуразиялық интеграция белдігінің бірінші нүктесі болады – ЕЭОКҚ

«Еуразиялық экономикалық оқымыстылар клубы» қауымдастығының вице-президенті, Орал мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры академик Михаил Федоров Тува Республикасы басшысы Шолбан Караоолмен кездесті. Федоровтың айтуынша, Тува еуразиялық идеяны ілгерілетуде үлкен маңызға ие өңірлердің бірі болып табылады, деп хабарлайды ЕЭОКҚ баспасөз қыметі.
Әлемде25 Тамыз , 10:24

Академик Шолбан Караоолға  еуразиялық интеграцияны дамыту туралы идеяны іске асыруға үлес қосуды ұсына келіп, өзі ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып табылатын Еуразиялық экономикалық жастар форумы алаңында дамыту туралы ой тастады.

«Форумның дәстүрлі ұйымдастырылатын жері және орталығы ретінде бүгінгі таңда Екатеринбург танылып отыр. Алайда еуразиялық идеологиясы картада белгілі бір нүктеге тоқталып қоймай, жалпы құрлықты қамтуы тиіс. Осы тұрғыда Еуропа мен Азияның бірлескен тұстарындағы географиялық символ ретінде Дрезден, Қызыл және шекаралас Екатеринбургты атауға болады. Оның үстіне олар өзара мәдениеттері мен дәстүрлерімен алмасып, біріне бірі өзіндік құндылықтарын танытуға мүмкіндік алмақ. Мысал ретінде айтар болсақ, 3 мың жылдық тарихы бар Туваның скиф алдындары мен Дрезденнің тамаша бейнелеу өнері туындылары», - дейді Михаил Федоров.

Республика басшысы академиктің Туваның қатысуымен еуразиялық интеграцияның символикалық белдігін  құру туралы идеясын толықтай қолдап отыр. «Мен сіздің ойыңызды қос қолдап қолдаймын. Осы арқылы біздің жастарымыз бірін бірі танып, экономикалық мүмкіндіктерінің көкжиегін кеңейтіп, өздерінің шығармашылық қырларын да шыңдай түсері анық», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, Орал университетін академик Михаил Федоров 2005 жылдан бері басқарып келеді. Ол Астана экономикалық форумының жастар қанатының ең белсенді мүшелерінің бірі. Оның VII АЭФ-да «Үздік ұйымдастырушы» аталымы бойынша бірінші орын алғаны да белгілі.




Яндекс.Метрика