Адами капитал

Көкшетаудағы мектеп жәрмеңкесінде әлеуметтік аз қамтылған отбасының 30 баласы сыйлыққа ие болды

Көкшетау қаласында «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.
Ақмола25 Тамыз , 09:51

Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс орталық тұрғындары қалам мен дәптерден бастап мектеп формалары мен аяқ киім және сөмкеге дейінгі қажетті құрал-жабдықтарды нарық бағасынан 10-15 пайыз арзан бағамен сатып алды.

Жәрмеңкеге қаланың 15-тен астам кәсіпкері ат салысты. Сонымен қатар, аталмыш бастаманы департамент пен басқарма жетекшілері де қолдады. Шара барысында әлеуметітк аз қамтылған отбасының 30-дан астам баласы сыйлықтар алды.




Яндекс.Метрика