Өңірлер

Павлодар облысында жылу маусымына дайындық кесте бойынша жүргізілуде – әкімдік

Павлодар облысында жылу маусымына дайындық кесте бойынша жүргізілуде, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Павлодар25 Тамыз , 09:33

Жылыту маусымына дайындықтың аясында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 8 қазандық пен 3 турбинаның күрделі жөндеуін және қайта жаңартуын жүргізуде, атап айтқанда:

«Екібастұз көмірін және мазутты жеткізу туралы шарттар жасалды. Отынды жеткізу келісілген кесте бойынша жүргізіледі, қорлар нормативке сәйкес. Жоспарлы өрт-тактикалық оқулар табысты өткізілді. 3-ЖЭО күл үйіндісінің құрылысын салу жұмыстары аяқталу кезеңінде. Күзгі-қысқы жылыту маусымында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ объектілерін дер кезінде және сапалы дайындау үшін өзге де іс-шаралар іске асырылуда», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика