Инновациялар

Бүгінде экономиканың бір де бір саласы инновациялық тәсілсіз нәтижеге жете алмайды

Бүгінде экономиканың бір де бір саласы инновациялық тәсілсіз нәтижеге жете алмайды, деп Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова республикалық тамыз кеңесі барысында мәлімдеді.
Казахстан25 Тамыз , 09:01

«Бүгінде экономиканың бір де бір саласы инновациялық тәсілсіз нәтижеге жете алмайды. Білім мен ғылым елдің инновациялық дамуында ерекше рөлге ие», - деді Г. Әбдіқалықова.

Премьер-Министрдің айтуынша, өңірлік кадрлардың тұрақсыздығы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа оқу жылы 2 мың студент 7 ЖОО мен 24 колледжде кадрлар тапшы өңірлерде білім алатын болады.

Сонымен қатар, Г.Әбдіқалықованың айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін Апаттық мектептер картасы дайындалмақ. Онда алдағы уақытта жойылуы тиіс барлық оқу орындары жеке-жеке көрсетілетін болады.

«2014 жылдың 1 тамызындағы мәліметке сай, республикада 176 апатты жағдайдағы мектеп тіркелген. Жыл соңына дейін олардың 56-сын жою жоспарланған», - дейді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика