Адами капитал

Өскеменде «Мектепке жол» акциясы аясында 4 мыңдай балаға көмек көрсетілді

Өскеменде «Мектепке жол» акциясы аясында қордың 136156 мың теңгесіне әлеуметтік әлсіз отбасылардың 3937 баласына көмек көрсетілсе, соның ішінде 3446 бала әлеуметтік аз қамтылған, 439 асыранды және 52-сі мүмкіндігі шектеулі балалар, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан25 Тамыз , 09:16

Сонымен қатар, мектептердің, жергілікті өзін өзі басқару комитеттері және азаматтардың да араласуымен балаларды мектепке дайындау бойынша жұмыс істейтін 14 пункте шаралар қолға алынды.

«16-23 тамыз аралығында қаланың шағын аудандарындағы мектептерде Балалар өнер мектебінің мерекелік шаралары өткізілді. Онда демеушілер әлеуметтік әлсіз отбасылардың 59 баласына 590 мың теңгенің құнды сыйлықтарын табыстады», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика