2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

90 жас маман шетелде тағылымдамадан өтеді – ҰКП

Отандық кәсіпкерліктің инженерлік -техникалық мамандығының 87 өкілі шетелде тағылымдамадан өту туралы Сараптамалық тәуелсіз комиссиямен әңгімелесуден өтті, деп Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.
Нұр-Сұлтан24 Тамыз , 15:43

ҚР ҰКП мен «ХБО» АҚ инженерлік-техникалық мамандықтар үшін шетелде тағылымдамадан өту бағдарламасы құрастырды. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың басынан  бастап өңірлік кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпорындармен кадр бойына белсенді жұмыс жүргізуде. Жұмыс қорытындысында ағымдағы жылдың маусым айында шетелде машықтанатын  28 адамның тізімі анықталды. Олар АҚШ, Германия, Швеция, Ұлыбритания сынды елдерде тағылымдамадан өтеді.

Сондай-ақ, 120 адам байқаудың екінші жиынына қатысуға тартылды. Шара қорытындысында 59 адам  шәкіртақы иесі атанып, мемлекетік қаржы есебінен Германияда тағылымдамадан өтетін болады.

Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап үшінші жиынға қатысушылардың құжаттарын қабылдау басталады.

Құжаттар 31 қазанға дейін қабылданады.




Яндекс.Метрика