Оған қатысатын шетелдік сарапшылар «Қазақстан-2050» Стратегиясын талқылайды және еліміздің әлеуеті мен ұзақмерзімдік даму перспективасын бағалайды. Өңірлік форумда сондай-ақ әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосылу жөніндегі Қазақстанның стратегиясы талқыланады.
Дамушы нарықтардың жаһандық және өңірлік отырыстары 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Форумдарға «Азияның өркендеуі - 2050», «Латын Америкасы - 2050», «Мексика - 2042» және «Үндістан - 2039» және т.б. маңызды тақырыптар арқау болды.