Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Шымкентте өткен бос орындар жәрмеңкесінде 2500 жұмыс орны ұсынылды

Шымкентте өткен бос орындар жәрмеңкесінде 465 кәсіпкерлік пен ұйымның өкілі шымкенттік жұмыссыздарға 2500 жұмыс орнын ұсынды. Жұмыс іздеушілердің арасында ЖОО мен колледж түлектері, мүмкіндігі шектеулі жандар бар, деп ҚР ҰКП хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан24 Тамыз , 15:09

Кәсіпкерлік өкілдеріне жұмыс іздеушілердің арасынан қажетті кадр таңдап алу мүмкіндігі ұсынылды.Ағымдағы жылы жұмыс берушілерге техникалық мамандықтағы адамдар қажеттілігі тууда. Мәселен, «Казмедприбор» ЖШС 70 адам қажет болды. Бұл кәсіпкерлік бірден 50 түйіндемені қабылдады.

Шараны ұйымдастырушылар жұмыс берушілерге мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын ойластыруды ұсынды. Олар үшін бөлек үстел ұйымдастырылды. Оларға жүгінген 4 адамға бос жұмыс орын ұсынылып, әңгімелесуге шақыртылды. 




Яндекс.Метрика