Өңірлер

Ақмола облысында қылмыстық қолдануды жетілдіру бойынша республикалық семинар өтті

Ақмола облысы Щучинск қаласында бас бостандығынан айырудан бөлек қылмыстық жазаларды қолдануды жетілдіру жөнінде екі күндік семинар өз жұмысын бастады, деп ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола24 Тамыз , 14:38

Семинар жұмысына ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшылығы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары әкімшіліктерінің, сот пен прокуратура өкілдері, сонымен қатар барлық өңірлердің облыстық ІІД мен ҚАЖ департаменттерінің қызметкерлері қатысуда. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – пробация қызметін одан әрі дамыту, жекелей алғанда жергілікті әкімшіліктермен, мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, бас бостандығынан айырудан бөлек қылмыстық жазаларды қолдануды жетілдіру болып табылады.

Бүгінгі отырыста сотталғандарды рессоциализациялау және «түрме тұрғындарын» азайтуға бағытталған пробация қызметінің тиімді жұмысы оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету ресурстарына ие жазаны орындау және жергілікті атқарушы органдардың тығыз бірлескен іс-қимылдары негізінде мүмкін болатыны айтылды.

Семинар қорытындысында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен пробация қызметтерінің өзара тиімді байланыстарына қатысты ұсыныстар қабылданды.  




Яндекс.Метрика