Өңірлер

Депутаттар Қарағанды облысының өндіріс ошақтарын аралады

Қарағанды облысына іс-сапар барысында Мәжіліс депутаттары С. Қанаев, С. Әйімбетов, М. Пішембаев және М. Тінекеев еліміздегі ірі «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингіне барып, орталықтың қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды24 Тамыз , 12:36

Басқарма төрағасы, академик  С. Әдекенов халық қалаулыларына өндірістің даму қарқыны, ғылыми жетістіктер мен шығарылатын дәрі-дәрмектер жайлы жан-жақты баяндады. Өнімнің сапасын жіті бақылауға мүмкіндік беретін озық құралдарды көрсетті.

Қазір Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта 43 түрлі дәрі-дәрмек өндіріледі. 14 ғылыми зертхана жұмыс істейді.

Алайда, депутаттардың атап өткеніндей, еліміздің дәріхана сөрелерін дәрі-дәрмекпен толтыру үшін 36 миллиард теңге қаржы бөлінеді. Соның тек 20 пайызы ғана Қазақстанда шығарылады. 

Одан әрі депутаттар фитодәрілер технологиясы зертханасы, ботаникалық бақ,  фармацевтикалық өндіріс тәжірибесімен танысты.

Күннің екінші жартысында мәжілісмендер «ТКШ жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына айрықша назар аударып, осы бағытта қолға алынған Бұқар-Жырау  даңғылында, Ержанов көшесінде орналасқан тұрғын-үй нысандарында болды. 

 




Яндекс.Метрика